Басты

Құрметтi ханымдар мен мырзалар!

Ботина Ляззат Парейқызы

Бiз Сiздердi Алматы ауылдық округi әкiмiнiң ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз. Алматы ауылдық округi әкiм аппараты алдына қойылған есебi бiздiң округ бойынша ресми сайты бостандық жеделдiк, объективтi және нақты ақпарат бередi.

Бүгiнгi күндерi мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың өткiзiп жатқан саясатының арқасында Қазақстан жан-жақты экономикалық, әлеуметтiк, саяси жаңару жолында алға келе жатыр.

Қазақстанның өткен жолының бiр бөлiгi — өмiрдiң барлық салаларына кiретiн, оны мекендейтiн халақаралық этникалық және мәдени мұра өзара әрекетiнiң тарихы.

Бiздiң округта өмiрдiң барлық салаларында позитивтi қозғалыстар көрiнедi, тұрақтылық нығайтылуда, бейбiтшiлiк, қоғамда өзара танысушылық.

Шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, әлеуметтiк инфоқұрылым дамуда, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, азаматтардың әл-ауқаттары көтерiлiп жатыр.

Бiздiң сайтымыздан Сiздер округімізде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттарды бiлуiңiзге мүмкiндiгiңіз бар.

«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің шешімі бойынша баспасөз-релизі (ZIP 11 Kb)

«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің шешім жобасына Түсіндірме жазба (ZIP 11 Kb)

Шешім жобасы

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 10-11/74 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі Жарқайың ауылының ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ауылдық округінің әкімі Л. Ботина

«Шектеу iс-шараларын тоқтату туралы» шешiм жобасы (ZIP 3 Kb)

«Шектеу iс-шараларын тоқтату туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Алматы ауылдық округi әкiмiнiң шешiмi бойынша баспасөз-релизi (ZIP 3 Kb)

«Шектеу iс-шараларын тоқтату туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Алматы ауылдық округi әкiмiнiң шешiм жобасына түсiндiрме жазба (ZIP 3 Kb)

Өрт сөндіргішпен қолдануды әркім білуі тиіс!

Өрт сөндіргішпен қолдануды әркім білуі тиіс!Күн сайын біздің көпшілігіміз ғимараттарда болып, өрт сөндіргіштердің жанынан өтеміз. Адамдар олардың түрлеріне әбден үйреніп, оларды байқамайды. Іс жүзінде өрт сөндіргіштер – бұд кез келген ғимаратта өте маңызды нәрсе, өйткені өрт пайда болған жағдайда оның көмегімен мүлікті ғана емес, сондай-ақ адамдардың өмірін де оттан құтқаруға болады.

Ешкім төтенше жағдай болмайтынына жүз пайыз кепілдік бермейді, сондықтан өрт сөндіргішті пайдалану ережелерін әркім білуі тиіс. Әрине, әрбір өрт сөндіргіште оны қолдану бойынша толық нұсқаулық бар, бірақ төтенше жағдайда оны зерттеуге уақыт болмайды.

Осыған байланысты Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі әрбір азаматқа өрт сөндіргіш құрылғысымен және оны пайдалану ережесімен алдын ала танысуды ұсынады.

Өрт сөндіргіштердің көптеген түрлері бар, бірақ оларды пайдаланудың жалпы ережелері бірдей – өрт болған жағдайда одан қорғаныш пломбасын жұлып алып, содан кейін кеңіртікті жану жағына қарай бағыттап, иінтірекке басу керек.

Айта кету керек, әртүрлі өрт сөндіргіштермен істеу кезінде белгілі бір ерекшеліктер бар. Мысалы, көбік өрт сөндіргішін электр құралдарын сөндіру үшін қолданбау керек, себебі химиялық көбік электр өткізгіші болып табылады, ал көмірқышқыл өрт сөндіргішін пайдалану кезінде сақтықты сақтау керек және сөндіретін заттың теріге түспейтінін қадағалау керек, себебі мұндай қоспаның қатты салқындатқыш әсерінің салдарынан үсік алуға болады. Сондықтан сіз орналасқан өрт сөндіру құралдарының ерекшеліктерін алдын алу зерделеу қажет.

Сонымен қатар, өрт сөндіргіштердің жарамдылық мерзімін де қадағалау керек. Алғашқы өрт сөндіру құралдары өрт пайда болған жағдайда олардың көмегімен отпен күресуге кепілдік беру үшін тұрақты қызмет көрсетуді және қайта зарядтауды қажет етеді.

Осыған байланысты-өз қауіпсіздігіне қамқорлық жасауды ұсынамыз! Құрылғымен және өрт сөндіргіштің нұсқаулығымен алдын ала танысыңыз, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзімін мұқият бақылаңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу «101» нөмірі бойынша өрт сөндіру күзетіне немесе құтқару қызметіне «112» нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.

Әсет Шайкин
СҚО ТЖ департаменті
Есіл ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау майоры

Хабарлама 
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімідігі 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді

2019 жылғы 01 қаңтардағы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты (ZIP 18 Kb)

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (ZIP 31 Kb)

 

 

 

 

Хабарландыру

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!

Егер Сізде жеке тұрғын-үй құрылысына жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ жер учаскелерін алып қою және жер учаскелерінің шекраларын белгілеу, өз бетінше құрылыс салу, заңсыз рейдерлік және учаскелерді, су қорғау аймақтарын, және белдеулерді, қызыл сызықтарды, санитарлық-қорғау аймақтарын басып алу бойынша проблемалық мәселелеріңіз болса, онда Сіз Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к. 38, 1 – қабат мекен жайы бойынша (облыстық мәслихат ғимараты) Акт залында 10 желтоқсанда сағ. 14.00-де өтетін кеңесте жоғарыда аталған мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала аласыз.

Дәріскер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі болып табылады, белгілі қоғам қайраткері, кәсіби адвокат — Бақытжан Базарбек.

Жазылу мына телефондар бойынша: 8-707-987-98-33, 8-7152-46-58-89.

жоба

 

Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 23 қарашасындағы № 10-11/141 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің Жарқайың ауылында «Данияр Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Алматы ауылдық округінің әкімі Л. Ботина

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Протокол Алматы ауылдық округінің жергілікті қауымдастығының кездесуі

Солтүстік Қазақстан Облысының Есіл ауданындағы Алматы ауылдық округінің жергілікті қауымдастығын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Есіл ауданы Алматы ауылдық округі жергілікті қауымдастығының 2018 жылға арналған даму бағдарламасы

Жаңалықтар

Алғыс айту күні
01.03.2019

Алғыс айту күні

Алғыс айту күніне орай Өрнек ауылдық кітапханасында ауыл қарияларына көпжылдық еңбектері үшін алғыс айтылып, мерекелік дастархан жайылды.

Елбасы жолдауы
27.02.2019

Елбасы жолдауы

27 ақпан Алматы ауылдық округі әкімінің аппаратында «Айқын, мақсаты бір» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Жемқорлықпен күрес
22.02.2019

Жемқорлықпен күрес

«Adal azamat — jarqyn bolashaqtyn kepili» акциясы аясында, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін, жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде парақшалар таратылды.

Ауғанның от-жалыны
15.02.2019

Ауғанның от-жалыны

«Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару» күнінің 30 жылдығына орай Өрнек ауылдық кітапханасында «От шарпыған жастық» атты дөңгелек үстел өткізіліп, 

Жолдастық кездесу
24.01.2019

Жолдастық кездесу

24 қаңтар Николаевка ауылында Алматы және Николаевка ауылдық округтерінің жастары арасында волейболдан жолдастық кездесуі өтті.

Есептік кездесулер
04.01.2019

Есептік кездесулер

4.01.2019 жылы Мектеп және Жарқайың ауылдарында Алматы ауылдық округі әкімінің «2018 жылда ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі және 2019 жылға арналған

Послание президента РКАкордаҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz