Есептік кездесулер

2019 жылғы қаңтарда ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (бақылауға алынған сұрақтар) (ZIP 45 Kb)

Алматы ауылдық округінің әкімі Л.П. Ботинаның «2018 жылдың огругтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға арналған перспективалары» атты ауылдық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы

Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылдың 5 ақпанындағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер елімізде болып жатқан әкімшілік реформалар, экономикалық-әлеуметтік және саяси өзгерістер мен ірі жетістіктерден хабардар етеді, атқарылған жұмыстар мен атқарылатын міндеттер жайлы баяндайды, халықтың сұрақтарына жауап береді.

Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз еліміздің үшінші жаңғыруына кірістік, оның басты міндеті-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімінің жаңа моделін құру», — делінген.

Алматы ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің ұйымдастыру жұмыстарын бағдарламалық және іс-шаралар жоспары негізінде жүргізеді.

Ауылдық округі экономикасының басты секторы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру болып табылады. Ауылдық округтің аграрлық секторында 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 5 шаруа қожалығы және 1 фермерлік шаруашылығы қызмет етеді. Олар негізгі бидай өндірушілер болып табылады. 2018 жылғы астық жинау қорытындысы бойынша орташа шығымдылығы гектардан 14,4 пайыз құрайды.

Дәндік және майлық дақылдардан басқа округте мал шаруашылығы дамып жатыр. Мал шаруашылығымен «Данияр Агро» Жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі айналысады, ірі қара мал — 82 бас, жылқы — 27 бас, қой — 40 бас, болашақта мал басын көбейтіп, шаруашылықты дамыту жоспарланып отыр.

Шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау арқылы есептік кезеңде 18,1 млн. теңге субсидиялар бөлінді. Оның ішінде гербицидке — 9,6 млн, теңге, тыңайтқышқа — 4,1, тұқымға -980000 теңге, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға — 75 мың теңге, селекциялық асылдандыру жұмыстарына — 2,5 млн. теңге. «Лесное» ШҚ өз қаражатына МТЗ — 892.2 тракторын сатып алды, жалпы сомасы 7,4 млн. теңге. «Даунбай» ФҚ өз қаражатына ЖВП — 6,4 жаткасын сатып алды, жалпы сомасы 3,2 млн. теңге.

Округ елді мекендерінде сүт сатып алу ұйымдастырылды Өрнек, Жарқайың ауылдарынан «Данияр Агро» ЖШС 1 литр сүт 75 теңгеге,(тәулігіне 120 литр). Мектеп ауылынан «Сергеевка сүт өнімдері» ЖШС 1 литр сүт 75 теңгеге (тәулігіне 120 литр) сатып алынды.

Округ елді мекендеріндегі тұрғындар саны 697 адамды құрайды, 465 адам еңбекке қабілетті жаста, 80 зейнеткер адамдар, 24 адам мүгедек жандар, 7 адам тыл ардагері және 20 көпбалалы аналар тұрады

2018 жылы 50 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын, нақты мәлімет бойынша 47 адам жұмысқа орналастырылды, яғни 94%, соның ішінде 35 жаңа жұмыс орны, «Данияр Агро» ЖШС — 10 адам, «Казросресурс» ЖШС — 4 адам, Өрнек негізгі мектебіне — 11 адам, Мектеп негізгі мектебіне — 4 адам. Жұмыссыздық деңгейі 2,0%, 7 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Қоғамдық жұмыстарға 5 адам тартылды, оларға 810,0 мың теңге жалақы төленді. 2018 жылы 1 отбасыға 274740 мың. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

2018 жылы округ бойынша 212 мың теңгеге 80 зейнеткер мен мүгедекке қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қысқа мерзімді оқуды 1 адам бітірді. «2017-2021 жылдарға жаппай кәсіпкерлікті және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын дамыту» арқылы мал шаруашылығын дамытуға 1 адам 1,7 млн. теңге сомасында шағын несие алды.

Алматы ауылдық округінде 3 медициналық пункт, 2 негізгі мектеп қызмет істейді, оқушылар саны — 74, ұстаздар саны — 30, оның ішінде жоғарғы біліммен — 27, орта арнаулы біліммен — 3, жоғарғы категориямен — 5, бірінші ктегориямен — 10, 2 категориямен — 4. Сонымен қатар екі шағын орталық жұмыс істейді. Округ аумағында «Атамекен» этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның құрамында 9 мүше кіреді.

Мектептердің материалдық базалары жылдан жылға жақсаруда. Мектептерді ағымдық жөндеуге қаржы бөлініп тұрады, отын және көмірмен уақытында қамтамасыз етілді.

Округте 3 ауылдық кітапхана қызмет атқарады, кітап қоры 15636 дананы құрайды. Мектептерде және ауылдық кітапханаларда мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады, тұрғындар мен жастар арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жарғайын ауылында «Атамекен» бос уақытты ұйымдастыру орталығы ашылды, жөндеу жұмыстары және жаңа жиһаздармен жабдықтау «Данияр Агро» ЖШС жеке қаражатынан бөлінді.

Бизнестің әлеуметтік серіктестігі аясында «Данияр Агро» ЖШС Өрнек негізгі мектебінің оқушыларын тегін тамақтандыру мақсатында үнемі қаржылай көмек көрсетіп келеді. Күн сайын Жарқайың ауылынан 13 оқушы Өрнек негізгі мектебіне тасымалданады, осы мақсатпен Газель шағынатобус бөлінді.

Жеңіс күніне жіне мүгедектер мен қарттар күніне «Данияр Агро» ЖШС, «Атамекен Агро Есиль» ЖШС, «Ильинское Агро» ЖШС 192 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Алматы ауылдық округінде 3 медициналық пункт бар, онда 3 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын елді мекендерге жылжымалы флюрограф келеді.

Абаттандыру және санитарлық тазарту үш айлық аясында барлық елді мекендерде көптеген жұмыстар атқарылды. Елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспары құрастырылып бекітілді. Сенбіліктер мен «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп тұрады, сондай-ақ ауылдық округің сыртқы көрінісін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады: гүл отырғызу, көшеттер мен электр бағаналарын ақтау, қоршауларды жөндеу және сырлау, қоқыс шығару.

2018 жылы аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына 300 мың теңге бөлінді. Бюджеттік қаражат осы 2018 жылдың қыркүйек айында игерілді.

Алматы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында тұрғындармен есепті кездесуі кезінде 2 сұрақ жәшіктен қойылды:

1. Қаңғырған иттерді аулау туралы;

2. Облыстық маңызы бар автомобиль жолына тегістеу жүргізу туралы.

Есіл ауданы әкімінің 2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында Алматы ауылдық округі тұрғындарымен есепті кездесуі кезінде бір сұрақ қойылды:

1. Қаңғырған иттерді аулау туралы.

Жыл аяғына дейін қойылған сұрақтар оң шешімін тапты.

2019 жылға арналған перспективалық жобалар:

1. Мал шаруашылығын ары қарай дамыту;

2. Жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу.

Алматы ауылдық округі әкімінің аппараты берілген тапсырмалармен жоспарларды толығыме орындауды негізге алады.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларына Есiл ауданы әкiмiнiң, ауылдық округ әкiмдерiнiң жұмысы жөнiнде халықтың ұсыныстарын, ескертулерiн және үндеулерiн жинау үшiн жәшiктердi орнату бойынша ақпарат

Селолық округтің атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Орнатылған жәшіктердің саны Жәшікті орнатқан орны
1 Алматы селолық округі Өрнек с. 265 1 Өрнек негізгі мектебі, 1 қабат, фойе
  1 ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты, 1 қабат, фойе
Мектеп с. 297 1 Мектеп негізгі мектебі, фойе
1 «Арнат» дүкені
    Жарғайын с. 135 1 Жарғайын ауылдық кітапханасы

Алматы ауылдық округі әкiмiнiң 2019 жылы қаңтар-ақпан айларында селолық округ тұрғындарына есеп беру желiлiк кестесi

Әкім есебі Қаңтар-ақпан 2019 жыл
14 қаңтар
дүйсенбі
16 қаңтар
сәрсенбі
30 қаңтар
сәрсенбі
Л. Ботина
Алматы ауылдық округінің әкімі
Алматы с/о Жарқайың а. «Атамекен» бос уақытты ұйымдастыру орталығы сағат 10.00 Алматы с/о Мектеп а. Мектеп НМ сағат 10.00 Алматы с/о Өрнек а. Өрнек НМ сағат 10.00

Алматы ауылдық округi әкiмiнiң 2018 жылы қаңтар-ақпан айларында селолық округ тұрғындарына есеп беру желiлiк кестесi

Әкім есебі Қаңтар-ақпан 2018 жыл
17 қаңтар
сәрсенбі
18 қаңтар
бейсенбі
2 ақпан
жұма
Л.П. Ботина Алматы ауылдық округінің әкімі Алматы а/о Жарқайың а Дем алу орталығы сағат 10.00 Алматы а/о Мектеп а Мектеп НМ сағат 10.00 Алматы а/о Өрнек аӨрнек НМ сағат 10.00

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларына Есiл ауданы әкiмiнiң, ауылдық округтер әкiмдерiнiң жұмысы жөнiнде халықтың ұсыныстарын, ескертулерiн және үндеулерiн жинау үшiн жәшiктердi орнату бойынша ақпарат

селолық округтің атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Орнатылған жәшіктердің саны Жәшікті орнатқан орны
1 Алматы селолық округі Өрнек с. 265 1 Өрнек негізгі мектебі, 1 қабат, фойе
1 Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты, 1 қабат, фойе
Мектеп с. 297 1 Мектеп негізгі мектебі, фойе
1 «Арнат» дүкені
Жарғайын 135 1 Жарғайын ауылдық кітапханасы

Алматы ауылдық округінің әкімі Л.П. Ботинаның «2017 жылдың огругтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған перспективалары» атты ауылдық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 15 тамыз 2013 жылғы № 615 Жарлығын iске асыру мақсатында барлық деңгейдегi әкiмдер елiмiзде болып жатқан әкiмшiлiк реформалар, экономикалық- әлеуметтiк және саяси өзгерiстер мен iрi жетiстiктерден хабардар етедi, атқарылған жұмыстар мен атқарылатын мiндеттер жайлы баяндайды, халықтың сұрақтарына жауап бередi.

Елбасының 2017 жылдың 31 қаңтарындағы ««Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк»» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет құру жолында теңдессiз, мол тәжiрибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып, елiмiздi одан әрi жаңғырту жөнiндегi мiндеттердi орындауға тиiспiз»,- делiнген.

Алматы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өзiнiң ұйымдық –саяси жұмыстарын алға қойылған мiндеттердi негiзге ала отырып жүргiзедi.

Ауылшаруашылық

Ауылдық округi экономикасының басты секторы ауыл шаруашылық дақылдарын өсiру болып табылады. Ауылдық округтiң аграрлық секторында 5 жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, 5 шаруа қожалығы және 1 фермерлiк шаруашылығы қызмет етедi. Олар негiзгi бидай өндiрушiлер болып табылады. 2017 жылғы астық жинау қорытындысы бойынша орташа шығымдылығы гектардан 15,9 пайыз құрайды.

Дәндiк және майлық дақылдардан басқа округте мал шаруашылығы дамып жатыр. Мал шаруашылығымен 2015 жылы құрылған «Данияр Агро» ЖШС айналысады, IҚМ-130 бас, жылқы — 60 бас, қой-89 бас, болашақта мал басын көбейтiп, шаруашылықты дамыту жоспарланып отыр.Осы ЖШС сүт және бөтелкеленген қымыз өндiру цехы қызмет атқарады, бұл цех айына 390 литр қымыз және 3600 литр сүт өндiредi. Алынған өнiм аудан және облыс көлемiнде сатылады.

Шаруашылықтарды мемлекеттiк қолдау арқылы есептiк кезеңде 49,6 млн теңге субсидиялар бөлiндi. Оның iшiнде гербицидқа — 87,9 млн, теңге, инвестсубсидияға — 38,7 млн. теңге, асыл тұқымды IҚМ сатып алуға- 68 мың теңге, селекциялық асылдандыру жұмыстарына — 15,0 млн. теңге. «Данияр Агро» ЖШС келесi ауылшаруашылық техника сатып алынды: комбайн- 1 дана, сеялка- 1 дана, борона- 2 дана, газель автокөлiгi — 1 дана, жалпы сомасы 84,8 млн теңге.

Округ елдi мекендерiнде сүт сатып алу ұйымдастырылды Өрнек, Жарқайың ауылдарынан «Данияр Агро» ЖШС 1 литр сүт 70 теңгеге,(тәулiгiне 120 литр). Мектеп ауылынан «Сергеевка сүт өнiмдерi» ЖШС 1 литр сүт 75 теңгеге (тәулiгiне 150 литр) сатып алынды.

Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету

Округ елдi мекендерiндегi тұрғындар саны 697 адамды құрайды, 465 адам еңбекке қабiлеттi жаста, 61 зейнеткер адамдар, 23 адам әрбiр топтағы мүгедек жандар, 7 адам тыл ардагерi және 20 көпбалалы аналар тұрады

2017 жылы 80 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын, нақты мәлiмет бойынша 86 адам жұмысқа орналастырылды, яғни 108 %, соның iшiнде 51 жаңа жұмыс орны, «Данияр Агро» ЖШС — 46 адам, «Казросресурс» ЖШС — 2 адам, Өрнек НМ- 2 адам, Мектеп НМ-1 адам. Жұмыссыздық деңгейi 2,6 %, 9 адам жұмыссыз ретiнде тiркелген. Қоғамдық жұмыстарға 7 адам тартылды, оларға 539,0 мың теңге жалақы төлендi. 2017 жылы 18 жасқа дейiнгi балалары бар 1 отбасыға (3 бала) 28,6 мың теңге жәрдемақы төлендi.

2017 жылы округ бойынша 325,1 мың теңгеге 130 зейнеткер мен мүгедекке қайырымдылық көмек көрсетiлдi. 2 мүгедек гигиеналық құрылғылармен, санаторлық-курорттық емдеуге 1 мүмкiндiгi шектеулi азамат жiберiлсе, 1 адам есту аппаратымен, 2 мүгедек протез-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етiлдi.

Қысқа мерзiмдi оқуды 2 адам бiтiрдi. «2017-2021 жылдарға жаппай кәсiпкерлiктi және нәтижелi жұмыспен қамту бағдарламасын дамыту» арқылы мал шаруашылығын дамытуға 1 адам 1,7 млн. теңге сомасында шағын несие алды.

Әлеуметтiк сала

Алматы ауылдық округi аумағында 2 негiзгi мектеп қызмет iстейдi, оқушылар саны -78, ұстаздар саны -26, оның iшiнде жоғарғы бiлiммен-24, орта арнаулы бiлiммен -2, жоғарғы категориямен — 5, бiрiншi ктегориямен — 10, 2 категориямен — 4.

Мектептердiң материалдық базалары жылдан жылға жақсаруда.. Мектептердi ағымдық жөндеуге қаржы бөлiнiп тұрады, отын және көмiрмен уақытында қамтамасыз етiлдi.

Өрнек, Мектеп негiзгi мектептерiнiң маңында балалардың қысқы спорт түрлерiмен айналысуы үшiн хоккей алаңы орналастырылған, футбол және воллейбол алаңы бар. Сонымен қатар екi шағын орталық жұмыс iстейдi. Округте «Атамекен» этно-мәдени орталығы қызмет жасайды, құрамында 9 адам.

Округте 3 ауылдық кiтапхана қызмет атқарады, кiтап қоры 11400 дананы құрайды. Мектептер мен кiтапханаларда әр-түрлi мерекелiк iс-шаралар өткiзiлiп, тұрғындар мен жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмыстары өткiзiледi. 2017 жылдың желтоқсан айында Өрнек негiзгi мектебiнiң спорт залында Алматы және Николаевка ауылдық округтарының волейбол командлары арасында достық кездесу өткiзiлдi. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай Жарғайын ауылында «Атамекен» бос уақытты ұйымдастыру орталығы ашылды, жөндеу жұмыстары және жаңа жиһаздармен жабдықтау «Данияр Агро» ЖШС жеке қаражатынан бөлiндi.

2018 Жаңа жылдың қарсаңында аудандық мәдениет үйiнiң ұйымдастыруымен аталмыш орталықта «Қош келдiң Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгiлiк өткiзiлдi. Осы iс шараға бас демеушiлiк көмек көрсеткен аудандық маслихат хатшысы Бектасова А.К. Ағымды жылы осы орталықта әр-түрлi спорттық ойындардан кездесулер жоспарланған.

Бизнестiң әлеуметтiк серiктестiгi аясында «Данияр Агро» ЖШС Өрнек негiзгi мектебiнiң оқушыларын тегiн тамақтандыру мақсатында үнемi қаржылай көмек көрсетiп келедi. Күн сайын Жарқайың ауылынан 13 оқушы Өрнек негiзгi мектебiне тасымалданады, бұл мақсат үшiн «Данияр Агро» ЖШС газель автокөлiгiн алды. Биылғы жылы «Атамекен Агро Есиль» ЖШС Мектеп негiзгi мектебiне оқушыларды тамақтандыру үшiн қаржылай көмек көрсеттi. Әр түрлi iс шаралардың өткiзуiне «Данияр Агро» ЖШС үнемi демеушiлiк көмегiн көрсетiп тұрады. Жазғы демалыс уақытында «Родник» сауықтыру лагерiнде дем алуға округтiң шаруашылықтары 8 коммерциялық жолдама алуға көмектестi.

Денсаулық

Алматы ауылдық округiнде 3 медициналық пункт қызмет iстейдi, 3 медициналық қызметкер бар. Жыл сайын елдi мекендерге жалжымалы флюрография келiп отырады.

Байланыс

Телефон байланысының қызметiн «Қазақтелеком» АҚ көрсетедi. Округтегi үш елдi мекен «Мегалайн» интернетiмен, «Теле 2» «Билаин», «Актив» ұялы байланыспен қамтамасыз етiлген. «Қазпочта» АҚ пошталық байланыс, бұқаралық ақпарат басылымдарын және зейнетақыны жеткiзу қызметтерiн атқарады.

Қоғамдық тәртiптi сақтау және алдын алу шараларын жүргiзу

Алматы ауылдық округiнде Есiл аудандық IIБ, Жергiлiктi полиция қызметiнiң № 9 полициялық учаскесi орналасқан. Әкiмшiлiк бөлiмге учаскелiк полиция инспекторының көмекшiсi, аға лейтенант Тоқтабаев Әсет Өтегенұлы қызмет жасайды. Ауылдық округ әкiмi аппаратымен, бiлiм саласы қызметкерлерiмен және шаруа қожалықтарымен бiрлесе жүйелi түрде елдi мекендерде қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша кезекшiлiк жүргiзiледi. 2017 жылдың қыркүйек- қазан айларында екi адам Петропавл қаласының наркологиялық орталығында ем қабылдады.

Елдi мекендердi көгалдандыру мен абаттандыру

Абаттандыру және санитарлық тазарту үш айлық аясында барлық елдi мекендерде көптеген жұмыстар атқарылды. Елдi мекендердi абаттандыру бойынша iс-шаралар жоспары құрастырылып бекiтiлдi. Сенбiлiктермен «Таза бейсенбiлiк» акциялары өткiзiлдi, ауылдық округтiң эстетикалық жаңарту бағытында жұмыстар жүргiзiлдi, оның iшiнде: гүлдер отырғызу, ағаштар мен электр бағандарын ақтау, қоршауларды жөндеу және сырлау, қоқыс шығару.

2017 жылы аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша ауыл iшiндегi жолдарды жөндеу жұмыстарына 240 мың теңге бөлiндi. Бюджеттiк қаражат осы жылдың шiлде айында игерiлдi.

Алматы ауылдық округi әкiмiнiң 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында тұрғындармен есептi кездесуi кезiнде 2 сұрақ жәшiктен қойылды:

1. Мектеп а. қыс мезгiлiнде жолдарды қар борасынан тазалау.

2. Қаңғыбас иттердi аулау туралы, Жарғайын а.  

Есiл ауданы әкiмiнiң 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында Алматы ауылдық округi тұрғындарымен есептi кездесуi кезiнде сұрақ қойылған жоқ:

Жыл аяғына дейiн қойылған сұрақтар оң шешiмiн тапты.

2018 жылға арналған перспективалық жобалар:

1. Өрнек ауылы тұрғындарының үйлерiне су құыбырын өткiзу.

2. Өрнек ауылында дүкен ашу.

3. Жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргiзу

Алматы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты берiлген тапсырмалармен жоспарларды толығыме орындауды негiзге алады.

Алматы селолық округiнiң әкiмi М. Қыдыбековтың «2016 жылдың округтiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған перспективалары» атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептiк баяндамасы

Алматы селолық округi әкiмiнiң 2017 жылы қаңтар-ақпан айларында селолық округ тұрғындарына есеп беру желiлiк кестесi

Әкім есебі Қаңтар -ақпан 2017 жыл
18 қаңтар
сәрсенбі
19 қаңтар
бейсенбі
6 ақпан жұма
М.Ж.Қыдыбеков Алматы селолық округінің әкімі Алматы с/о Жарқайың а Жарқайың БМ сағат 10.00   Алматы с/о Мектеп а Мектеп НМ сағат 10.00   Алматы с/о Өрнек а Өрнек НМ сағат 11.00  

Алматы селолық округi әкiмiнiң 2017 жылы қаңтар-ақпан айларында селолық округ тұрғындарына есеп беру кезiнде түскен ұсыныстары мен ескертулерiн жүзеге асыру бойынша iс шаралар

Айтылған ескертулер/ұсыныстар Айтылған ескертулер/ұсыныстарды орындау мерзімдері және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жауапты Бақылау Орындау мерзімі
Жарғайын с. қаңғырып жүрген иттерді аулау туралы Сұрақ жәшіктен Жарғайын с тұрғындарынан түсті Қаңғырып жүрген мысықтар мен иттерді аулау жұмыстары жүргізілсін М.Ж. Қыдыбеков Алматы с/о әкімі М.М. Ахметов «Ветеринарлық станция» ШЖҚ МКК директоры Ә.Қ. Бижанов аудан әкімінің орынбасары наурыз

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларына Есiл ауданы әкiмiнiң, селолық округтер әкiмдерiнiң жұмысы жөнiнде халықтың ұсыныстарын, ескертулерiн және үндеулерiн жинау үшiн жәшiктердi орнату бойынша ақпарат

селолық округтің атауы Елді мекеннің атауы Тұрғындар саны Орнатылған жәшіктердің саны Жәшікті орнатқан орны
1 Алматы селолық округі Өрнек с. 268 1 Өрнек негізгі мектебі,1 қабат, фойе
  1 селолық округі әкімі аппаратының ғимараты,1 қабат, фойе
Мектеп с. 301 1 Мектеп негізгі мектебі, фойе
1 «Нұр» дүкені
    Жарғайын 139 1 Жарғайын бастауыш мектебі, фойе
1 «Такишева» ЖК , дүкен

Мақаланы құрған күні 24.01.2018 09:53

Мақаланы жаңартқан күні 04.03.2019 11:11

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz